Рухани Жаңғыру

  

 

Социал негiзгi мектебi
2018-19 оқу жылы

Наурыз айында «Рухани жаңғыру бағдарламасы» бойынша жасалынған жұмыстар есебi

Осы айда өзiмiздiң ұлттық мерекеге сай келгендiктен мектебiмiзде Рухани жаңғыруға байланысты ұмытылып бара жатқан құрақ көрпе құрау, ұршық иiру, жүндi түту туралы кездесулер өткiзiлдi. Қазақ халқы төрт түлiк малды қалай қадiрлегенi жайлы жүрсе көлiк, кисе киiм болғаны туралы ақпараттар берiлдi. Ауылымыздағы шебер тәтелерiмiздi шақырып, сұхбат алдық. Бата беру түрлерiнен сайыс өткiзiлдi. Ұллтық ойындардың iшiнен арқан тартуды өткiздiк.

Рухани Жаңғыру Рухани Жаңғыру Рухани Жаңғыру Рухани Жаңғыру

Рухани Жаңғыру Рухани Жаңғыру

Тәрбие iсiнiң меңгерушiсi Р.Ф. Жангудина.

Социал негiзгi мектебi
2017-18 оқу жылы

«Туған жер» бағдарламасы бойынша алынған жоба

  1. 160000 мың теңге — (деопроектор) — 1989-92 жылғы түлектер
  2. 100000 мың теңге — Асхана ыдыс аяқтары — (Астана қаласындағы жерлестерiмiзден)
  3. 100000 мың теңге — жаңа жыл сыйлықтары мектеп оқушыларына — (Шайкенов Сабит Халықұлы)

Социал негiзгi мектебi
2018-19 оқу жылы

Рухани жаңғыру — болашаққа бағдар бағдарламасы және Ұлы даланың жетi қырына байланысты өткiзiлетiн iс-шаралар жоспары

Өткізілетін іс-шаралар тақырыбы

Күні

Жауапты

1

«Мамандықты жүрекпен таңда» мектеп түлектерімен кездесу ұйымдастыру

16.01.19 ж.

Жангудина Р.Ф.

2

«Ұлы даланың жеті қыры»дөңгелек үстел ауыл тұрғындарымен

24.01.19 ж.

Аубакиров А.Б.

3

«Өз ауылымның керемет жерлері» әңгіме

06.02.19 ж.

Аға тәлімгер
Баянтаева Л.М.

4

100 кітап бойынша акция ұйымдастыру

04.02-04.03.19 ж.

Қайржанова Ж.Н.

5

«Ақ тілеудің белгісі — бата» ауыл асқалдарынан бата жинау

04.03.-04.04.19 ж.

Сынып жетекшілер

6

Латын әліпбиіне көшу-дәріс ауыл тұрғындарымен

14.02.19 ж.

Тіл маманы
Зарыпова К.Ж.

7

Қазақстанның көрнекті жерлері — дебат

18.04.19 ж.

Аубакиров А.Б.

8

Қазақстанның жаңа 100 есім жобасына ат салысу — дөңгелек үстел ауыл тұрғындарымен

06.05.19 ж.

Жангудина Р.Ф.

9

Мұрахат-2025 мектептерде шағын мұражай ашып, өз үлесіңді қос-акциясын жандандыру ауыл тұрғындарымен

Жыл бойы

География мұғалімі
Аубакиров А.Б.

10

Ұлы даланың жеті қырындағы «Атқа міну» бөлімі бойынша

11.02-08.04.19 ж.

Аға тәлімгер

Рухани жаңғыру «Тәрбие және бiлiм» бөлiмiндегi Саналы азамат бойынша

Cоциал негiзгi мектебi

2018-19 оқу жылы

Биылғы жаңа оқу жылында қаңтар айының 11 жұлдызы күнi мектебiмiзде

«Мамандықты жүрекпен таңда» атты мектеп түлектерiмен кездесу өттi. Мұндағы мақсат мектебiмiздегi 8-9 сынып оқушылары өз мамандықтарын таңдау жолында қателеспеу үшiн көмек ретiнде. Осы кешке Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан Университетiнiң қазақ және тiл факультетiнiң 3 курс студентi Сағындықова Айдана, инженер-электрик факультетiнiң 3-курс студентi Зейнулов Данияр, 2-курс студентi Балтауов Дамир, осы аталмыш университеттiң заңгер факультетiнiң 1-курс студентi Жаналин Рахат, ал Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы аграрлы университетiнiң 1-курс студентi Бағрам Даулет, Петропавл қаласындағы М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық педколледжiнiң бастауыш сынып мұғалiмiнiң 1-курс студентi Ғаббасова Тыныштық, Көкшетау қаласындағы Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжiнiң 4-курс студентi Сейпеева Жанна қатысты. Әр студент өз мамандықтары туралы ақпарат бердi. Оқушылар өздерiн толғандырған сұрақтарын қойды. М-сы 1. Оқушы өзiн белгiлi мамандыққа қашан дайындауы керек? деген сұрақты Айтпаева Назгүл қойды. Өзiң сүймеген мамандықты сүйiктi мамандыққа айналдыру мүмкiн бе? — деп Рахимов Медеу қойды. Жатаханадағы қызықты оқиғалары туралы да сөзге тиек еттi. Осы кездесуден оқушылар өздерiне керек ақпараттарды алып, толғандырған сұрақтарына жауап алды. Алған әсерлерi жақсы.

Рухани Жаңғыру Рухани Жаңғыру Рухани Жаңғыру Рухани Жаңғыру Рухани Жаңғыру

Тәрбие iсiнiң меңгерушiсi Р.Ф. Жангудина.
11 қаңтар 2019 оқу жылы