Директор блогы
Мені Астана қаласына тоғыз айлық курсқа жіберді. Соның 21 қаңтардан бастап бір ай шамасында» Көшбасшылық және ШЖМ директорларының біліктілігін арттыру» курсында болып келдім. Курста жүрген кезде алған білімімді одан әрі мектеп тәжірибесінде жалғастырдым. Мектептің даму жоспарының басымдылығы: Диалогтық оқыту арқылы оқу мен оқытуды жетілдіру болды. Осы басымдылыққа сүйене отыра көптеген жұмыстар жүргіздім. Білім сапасын арттыру саласында мектеп қызметкерлері ғана емес, ата-аналар да көп қолдау көрсетті. Келесі ай курстарында бұдан да жоғары жетістікке жетем бе деген ойдамын.