«Мықты отбасы-мықты мемлекет»

 

Социал негізгі мектебі

2022-2023 оқу жылы

«Мықты  отбасы-мықты мемлекет»  атты  отбасы  күніне  байланысты

іс-шаралар бойынша  психологиялық тренинг 

«Мықты отбасы-мықты мемлекет»  .

  Мақсаты: отбасындағы тәрбие- өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата-ана байланысын ынтымақтастыру өзара серіктестік орнату, ата-ананың, баланың оқу – тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.


      Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы – ата-ана. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды.Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Сондықтан да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне белсене араластыру, мәдениетін арттыру, ата- ана  мен мектеп  арасында  серіктестік орната  отырып    жұмыс  жасау мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің  маңызы орасан зор.

Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.

                                                                                           Жауапты: Аубакиров А.Б

    

 

Дата публикации: 08.09.2022