«Тату тәтті отбасы»

Социал негізгі мектебі кітапханасында Отбасы күні мерекесіне орай «Тату тәтті отбасы» атты көрме ұйымдастырылды.Көрмеге отбасы туралы суреттер ілініп,кітаптар қойылды.Оқушыларға отбасы жайлы айтылып,көрмемен таныстырылды. Ата - анаға деген құрмет, сыйластық деген ұғымдарды балалардың санасына жеткізіп, бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
 Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін ұғындыру, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойына дарыту. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын тұжырымдап, дәлелді сөйлей білуге үйрету.
 Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
 

Дата публикации: 07.09.2022