1 - қыркүйек – білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»

Сабақтың тақырыбы: 1 - қыркүйек – білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»
Сабақтың мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында  білім алушылардың  бойында жағымды көңіл-күй, оң  көзқарас  қалыптастыру.

Міндеттері:

-қатысушыларды  өткен оқу жылының  жетістіктерінен  хабардар ету;

-білім  алушылардың  бойында  оқуға құштарлық  пен білім алуға  деген  ұмтылысын қалыптастыру;

-білім алушылардың  бойына отаншылдық, құрмет  және   азаматтық  сана құндылықтарын  дарыту;

-өзара  құрмет  пен түсіністікке  негізделген  мектеп  мәдениетін  қалыптастыру.

Барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Мемлекеттік әнұранды орындау.
Жүргізуші: Балалар, бүгін  бізде  ерекше күн, бүгінгі  сабағымыз  біздің  білім күніне, бірінші  қыркүйек  күніне  арналған. 1 - ші қыркүйек  күні  барлық балабақшаларда, мектептерде  басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады.
Осы  тұңғыш  қоңыраудан  бастап  күнделікті  оқу  басталады. Балалар, жақсы, білімді,  тәрбиелі  азамат  болу  үшін, ерінбей  оқу оқып, білім  алу  керек.
1-оқушы:
Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен, бабамыз бен атамыз.
Отанды әркім анасындай, қастерлейді бағалап
Өйткені Отан анасындай, бізді өсірер аялап.
Жүргізуші:  осындай  тату  тәтті, бақытты мемлекетте  біз  өмір  сүріп жатырмыз. Ендеше   біз  бүгінгі  мерекеге арналған  өлең  тақпақтарымызбен  жалғастырайық.
2-оқушы:
Білім алған өзіңнен, дәрігер, ұшқыш не ғалым.
Саған ыстық сезіммен, қарайды жұрт, мұғалім.
Мен де өзіңді әрдайым, қамқорым деп ұғамын
Күліп атқан таңдасың, жарқыңсың сен, мұғалім.


Жүргізуші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды..

   

Дата публикации: 01.09.2022